"Ел ертеңін ойлаған Елбасы"
9а сыныбында "Тұңғыш президент" күніне орай "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" атты тәрбие сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясатының мектеп өміріндегі, бақытты балалық шақ пен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ашу, оқушыларға Елбасы жайлы ақпарат бере отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқушылар елбасымыздың жүргізіп отырған салихалы саясаты туралы ойларын ортаға салды.