САБАҚТАҒЫ СЕРГІТУ СӘТІНІҢ РӨЛІ
Сабақтарда сергіту жаттығулары ақыл-ой қабілетін қалпына келтіруге жақсы әсер етеді, шаршаудың күшеюіне кедергі жасайды, эмоционалды көңіл-күйін арттырады, оқушылардың статикалық жүктемесін бәсеңдетеді. Сабақ өткізу кезінде белсенді демалыстың қызықты және тиімді нысаны сергіту жаттығулары болып табылады. Демалыс сабақ кезінде өте қажет.