Құстар үшін өз қолдарымен үйшіктер жасау — демек, бұл мейірімділік және қамқоршылық таныту. Қысқы аяздарда жемдері бар үйлер жасау - ең құтқару жолы. Үйшіктер бұдан басқа эстетикалық функцияны да орындайды, қаланың саябақтары мен бақтарына әсемдік үстейді. Бірақ әдемі және шағын ғана "асхана" жасауды экомектеп қызметкерлері жақсы біледі. Олар біздің оқушылармен қуана-қуана өз білімдерімен бөлісті. 4 "Б" сынып оқушылары "Құстарды қыста тамақтандырыңыз" атты шебер-сыныпта болды. Балалар құстар үшін үйшіктерді кез келген қолда бар материалдардан оңай жасауға болатынын түсінді. Шебер-сыныпта оқушылар пластикалық бөтелкелерден жем салғыш жасады.
Кел, бұл қатал аязды күндері қанатты достарымызға қолдау көрсетейік. Қыста құстарды тамақтандырыңдар!