Жер аяғы кеңіп, көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз да келіп жетті. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Тамырын тереңге жайған осынау мереке тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтеді. Айтулы мерекеге арналып, №30 жалпы орта білім беру мектебінде "Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 1-4 сынып оқушылары ат салысты. Бұл күні сахна төрінде оқушылар әсем әндерін, мың бұралған билерін, ұлттық тағамдарын таныстырды. Осылайша мектеп оқушылары келген қонақтарға мерекелiк көңiл-күй сыйлады. Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды. Халқымыздың тарихымен сабақтас осы мерекенiң мән-мағынасы өте зор. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін!
"Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ"