«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты»
Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың ақтық кезеңіне облыс білім беру ұйымдарының 25 web-ресурсы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі іі дәрежелі дипломға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, тілдерді дамыту басқармасының грамоталарымен, және бағалы сыйлықтармен марапатталды.