Ашық сабақ
Бүгін мектебімізде 9 «А» сыныбында география пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы:«Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы». Пән мұғалімі Кадирхан Хуанған сабақта түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолданды: «Plickers» әдісі, Ой шақыру әдісі, Шаңырақ әдісі. Оқушылар сабаққа белсене қатысып өз білімдерін көрсете алды. Білім беру басқармасынан келген қонақтар сабаққа риза болды.