Күз мезгілі, көз тартарлық ... Біздің балабақшада өтіп жатқан «Күз патшайымының сый-сияпаты» атты керемет көрмені тамашалай отырып , бұнымен келіспеу қиынға түседі. Бүлдіршін мен ата-аналар, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелері арасындағы тығыз ынтымақтастығына ерекше баса назар аударылды. Нәтижесі барлық үмітті ақтады. Көрменің өзгешелігі ертегілер әлеміне сүңгуге мүмкіндік береді. Бұл жерде шын достарды: чебурашканы, қолтырауын Генаны кездестіруге, ұшақпен ұшуға және «Арго» кемесімен теңізді жүзіп өтуге болады. Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесінің ерекше тұрғындарын көруге және қарап шығуға, смешариктермен ойнақ салуға және «Самрұқ» бақыт-құсын ұстап алуға болады. Пайдаланылған материалдардың алуан түрлілігі: көкөністер және жапырақтары бар кішкентай шыбықтар, бүршіктермен құрап қалған ағаштар сонымен қатар карамель де асқан әдемілігімен таң қалдырады.
Ал егер де сіздер біздің сайтқа кіріп және көрменің барлық бөлшектерін анықтап қараған болсаңыз, қандай да бір түсініктемелер беру артық болады деп ойлаймыз.