Жаңа жылда болған хикая.
"Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың" - деп, Естияр А тобы өз мерекелік ертеңгіліктерін бастады. Балалар Аяз атаны "Шатырлақтар" биімен қуантты. Олар Қарақшы мен Мыстанның қулықтарына алданбай, "Кішкентай мыстандар" биімен нағыз Ақшақарды құтқарады. Қонаққа келген ата-аналар да Жаңа жылдық хикаяда болған ойындарға белсене қатысып көңілдерін көтерді.