Сенім телефоны
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
Әдеби-сазды сыйыс
28-02-2020 14:41
Әдеби-сазды сыйыс

2020 ж. 27 ақпанда «Павлодар қаласының №21 сәбилер бақшасы» негізінде №4, 8, 18, 19, 21, 22, 39, 51, 79, 117 балабақшалар арасында Абайдың 175 жылдығының мерейтой аясында өлеңдерін мәнерлеп оқу және ұлы ақынның музыкалық әндерін шырқау сайысы өтті . Бұл іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлы перзентінің шығармашылығын кеңінен насихаттау ғана емес, сонымен бірге қазақ ұлтының әдебиеті мен тарихына өзге ұлт өкілдері арасында қызығушылық ояту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен байқау Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесін бағалауға шақырды. Өйткені, оның еңбектері өзектілігін жоғалтпайды, олар қазіргі ұрпақ үшін өте маңызды, қызықты. Конкурсқа қатысушылар сахна мәдениетін, шеберлігін, ұлы ақынның шығармашылық ой-толғауларына енуді көрсете білді. Қатысушылар екі номинация «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, оларға мадақтама қағаздары берілді.