"Қауіпсіз терезе" акциясы
"Қауіпсіз терезе" акциясы аясында Павлодар қ. төтенше жағдайлар офицерлері майор Т.Е.Тайжанов және лейтенант Д.Е.Айтжан балабақша тәрбиеленушілеріне әңгіме өткізді. Балалар терезеден құлаудың қайғылы салдары туралы білді. Бүлдіршіндер тумысынан қызығушылық танытады, сондықтан ашық терезе алдында өте осал. Ең жақсы қорғаныс - қауіпті сезінуі.