
Баланың мектепке баруы барлық жанұяның ең басты жауапты кезеңі. Баладан гөрі ата-ана қатты қобалжулы болады. Сондықтан бала мектепке бармастан бұрын дайындықтан өтуі керек.
Мұндайда тәжірибелі логопед маманның түзету жұмысы қажет. Ол үшін дәрігер мен логопед бірлесе отырып жүргізген жүйелі емдеу шаралары мен түзету жұмысы жақсы нәтиже береді.
Ата-аналар арнайы маманға тіл кемістігін түзетуге барарда мынаған назар аударуы керек: артикуляциялық аппаратында ерін, тіл, жақ, тіс, жұмсақ және қатты таңдайдың дыбыс айтуда ауытқуы бар-жоғын тексеру.
Сонымен, сіз балаңыздың белгілі бір дыбыстарды дұрыс айтпайтынын байқасаңыз, дыбыс қою үшін қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы мынадай кеңес береміз:
- ерін аздап дөңгеленіп тұрады
- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді
- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі
- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.
- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
- жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына
жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.
- дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады.
- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.