Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары пайдасы!
18-02-2021 11:41
Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары пайдасы!

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы – мемлекеттің және қоғамның басты көрсеткіші . Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшада бала денсаулығын нығайту және сақтау ең бірінші кезектегі мәселе. Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін балабақша тәрбие жүйесінде баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайту мүмкіндігін беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы,яғни күн тәртібінің бала өсуі мен денсаулығын нығайтуда ұйқыдан кейінгі шынықтыру шарасының жүйелі жүргізілуі, оның алар орны орасан зор.