Сенім телефоны
50-42-69
Мекенжайы: Естай көшесі, 93
504269
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 15.00 - 17.00 Бейсенбі: 15.00 - 17.00
Жазғы сауықтыру шаралары!
12-06-2020 21:45
Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке, нәтижеге ие болады. Сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының мақсаты: – жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайту; – эмоционалдық, тұлғалық, танымдық дағдысын қалыптастыру; – үлкендердің ата-ана, қызметкерлер өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру; – бала денсаулығын сақтау мен нығайту; – табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру; – жеке тұлғаны қалыптастыру, эстетикалық тәрбиені жетілдіру болып табылады. Балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша жазғы кезеңде тәрбиешілерге нұсқаулықтар Сауықтыру іс-шаралары: Таң ертең балаларды далада қабылдау; Ертеңгілік жаттығу; Демалу жаттығулары; Серуен кезінде жалаң аяқ құмды жолмен журу; Аяқты жылы сумен шаю; Күннің көзінде журу, таза ауада журу; Түскі ұйқыдан кейін тұзды жолмен жүру және кедір-бұдыр жолға ауысу; Тыныс алу жаттығулары, нүктелі массаж; Салқын сумен бетті, мойынды, қолды шынтаққа дейін шаю.