Естияр тобында кіріктірілген ашық сабақ өткізілді.
Біздің балабақшада ашық сабақ өтті. Сабақты тәжірибелі тәрбиеші Садыкова Алмақан Құлжабайқызы өткізді. Сабаққа балалар қызығушылықпен белсенді қатысты, себебі "Ақ тиін мен қасқыр" ертегісін мнемотехника әдісі арқылы әңгімеледі. Сабақ сахналау және бейнелеу орталықтарында болып өтті: балалар ертегіні әңгімелеп, тиіннің баласын мүсіндеді.