Сенім телефоны
87182531781
email: pavlodar033@mail.ru
Мекенжайы: Торайгыров көшесі, 16
87182531781 87182535279 87182537490
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр айдың дүйсенбі күні сағат 16.00-18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық "Жігіт сұлтаны - 2019" сайысы
27-11-2019 17:49
Қалалық

2019 жылы 27 қарашада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы" МКҚК- да "Жігіт сұлтаны" атты қалалық байқауы өтті. Бұл байқау Павлодар қаласында үшінші жыл өткізіледі. Байқауға № 1, 30, 43, 46, 93 балабақшалар қатысты. Сайысқа даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды, ал, әрине, жалынды флешмобпен басталды. І кезенде балалар түрлі формада және суреттерде өздерін және бақшаларын лайықты көрсете алды.

Барлық кезеңдерде балалар өздерін шығармашылық жағынан, яғни  билеу, өлең айту қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, Абай атамыз туралы барлық білімдерін ортаға салды. Балалар мақал-мәтелдерді біледі, тапсырмалардың бірінде мақал-мәтелдердің басталуын тыңдап, оны аяқтауға тура келді. Байқау барысында әр бала берілген тапсырмаларды жақсы орындады.

Байқаудың үй тапсырмасы Абай Құнанбаев туралы макет немесе слайд дайындау болды. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы, отбасы, аудармалары, табиғат лирикасы сияқты тақырыптарды ұсынды.

Байқаудың әділ қазылар алқасы: Жақсыбаева Қайырлы Сағындыққызы – «Нұр – Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің әжесі, Айгүл Молдаш – республикалық «Білім айнасы» газетінің меншікті тілшісі, Жансая Амангелдіқызы Аскарова – «Бухар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің» балалар секторының басшысы байқау барысында қатысушыларды бақылап, ең мықты қатысушыларды анықтап, әділ төрелігін берді.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде «Павлодар қаласының №30 сәбилер бақшасы» МҚКК - ның тәрбиеленушісі Ерлан Естай иеленді. 1 орынға «Павлодар қаласының №46 сәбилер бақшасы» МҚКК - ның тәрбиеленушісі Дүйсенбек Әмір ие болды. 2 орынға «Павлодар қаласының №43 сәбилер бақшасы» МҚКК - ның тәрбиеленушісі Шәкіртхан Мұхамедияр ие болды. 3 орынға «Павлодар қаласының №1 сәбилер бақшасы» МҚКК - ның тәрбиеленушісі Болат Жәнібек және «Павлодар қаласының №93 сәбилер бақшасы» МҚКК - ның тәрбиеленушісі Мейерали Нұрислам ие болды. Барлық қатысушылар сайысты ұйымдастырған «Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы» МҚКК атынан дипломдар және сыйлықтар алды. Осы сайыс біздің балабақшада үшінші жыл өткізіліп отырғандықтан, біз бұл дәстүрді жыл сайын әрі қарай өткізуді жоспарлап отырмыз.