семинар-практикум

«Павлодар қаласы № 37 сәбилер бақшасы» МҚКК педагогтары ағымдағы жылдың қараша айының 04-де Павлодар инновациялық көп профильді колледжі «Жаңаша білім беру - заман талабы» тақырыбында және , 12-сі күні Б. Ахметов ат. жоғары педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қашықтықтан ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырған семинар практикумдарға қатысты. Қатысушылар студенттер, колледждің арнайы пәндер оқытушылары мен балабақша педагогтары.
Семинар мазмұнында балабақшаның тәрбиешілері студенттерге өздерінің тәжірибеде қолданып жүрген жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың әдіс –тәсілдері мен күн сәттерін ұйымдастыру жолдары бойынша тәжірибе бөлісті.