
Әрине балалық шақ қайтып келмейді, дегенімен сол кездегі ішкі сезімді, ғажайыпқа сенуді сақтап қалуға болады. Осындай жүйе бақытты болуға жағдай жасайды. Ата-аналар балаларың оқуға, сөйлеуге үйретеді, бірақ балалардан да көп нәрсе үйренуге болады. Оларға жұмыс істеп, әлемде болып жатқан мәселелерді шешудің керегі жоқ болғанымен, олар шын мәнінде не маңызды екенін жақсы біледі және әр күніне қуана біледі. Осы және басқа да икемдер ересектерге өте қажет. Балалар дарындылығы жеке әңгіме.
Балалардан көп нәрсені талеп етеміз. Болашағына үмітіміз зор. Шектеу деген ұғым осыдан туындайды. Иә, шектеудің өрескел түрі бар, ол - өз балаларының дарынын бағалай алмау. Біз күрделі істер жасағанды ұнатамыз, бірақ дұрыс сенім артылмаса, құрдымға кетеміз. Біздің ойымызша қарапайым заттарға, балалардың жеке қызуғышылғына мән беріп, өздеріңіз де соны үйренсеңіздер жақсы болар еді. Балалардың белсенділігі бөлек әңгіме. Сол белсенділігінің арқасында жүгіріп, секіріп, ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Ендеше сіздер де белсенді болуға тырысыңыз. Көп серуендеп, таза ауамен демалуды әдетке алыңыз. Спорт - денсаулық пен жақсы көңіл-күйдің кепілі.