Ұлттық ойындар күні
Балабақшамызда Наурыз мейрамын тойлау жалғасуда. Кезек ұлттық ойындарымызға жетті. Тәрбиеленушілерге ұлттық ойындар жайында ақпарат беріліп, білімдері толықтырылды. "Арқан тартыс", "Тақия тастамақ", "Қыз қуу" тәрізді ойындар ойналды. Балаларымыз қатты қуанып, ойындарды жақсы ойнады.