Ұсақ-түйектер

15 наурыздан бастап балабақшамыз Наурыз мерекесін тойлауда. Бүгінгі күніміз "Наурыз" тақырыбына сай жасанды бұйымдар жасауға арналған. Әр топ ата-аналары мен тәрбиеленушілері бірлесіп үй жағдайында жасанды бұйымдар жасады. Бұл тұрғыда балалардың шығармашылығына, ізденімпаздығына мақтануға болады. Әр бұйым мұқият, жақсы жасалған. Жарайсыңдар!