Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі"атты жыл сайынғы Жолдауын арнады. Онда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялады.
2021 жылдың 15 қыркүйегінде № 45 сәбилер бақшасы қызметкерлері арасында Елбасымыздың жолдауын тыңдауға бағытталған зум-конференциясы өткізілді. Балабақша басшысы білім жүйесіндегі басты аспектілерді, сондай-ақ еліміздің экономикалық жағдайы мен тәуелсіздігіміздің 30-жылдығын атап өтті.