Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
"Дәуірдің жарық жұлдызы" Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған байқау
28-01-2022 15:10

2022 жылдың 27 қаңтарында «Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын» мерекелеу қарсаңында және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Павлодар қаласының №45 сәбилер - балабақшасы» КМҚК Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7 мекенжайы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері арасында байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты: Мектепкі дейінгі ұйымының педагогикалық қызметінде Ахмет Байтұрсынов және басқа да қазақ авторларының еңбегін кеңінен насихаттау.

Ахмет Байтұрсынов бай ғылыми мұра қалдырды. Ол түркітілдес халықтар бірлігінің табанды жақтаушысы, отандық лингвистикалық ғылымның негізін қалаушы, қазақ әліпбиінің авторы болды.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге Павлодар қаласының №17, №93 және №45 сәбилер бақшалардың педагогтары белсене қатысып, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін мемлекеттік тілде мәнерлеп оқыды.

Байқау екі бағытта өтті:

1. Бір қатысушының шығарманы мәнерлеп оқуы.

2. Екі немесе одан да көп қатысушылардың шығарманы рөлдік оқуы.

Әр жолдамада жеңімпаздар мен номинанттар анықталды.

Байқауға қатысушыларды бағалады:

  • Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері - Рахымжанова Кундуз Муратхановна.
  • Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының өнер бөлімінің меңгерушісі - Есмуканов Мейрамгали Кайруллович.
  • С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының маманы - Кашкенбай Карлыгаш.