«Балалардың сөйлеу дамуының диагностикасы»

2022 жылдың 23 қарашасында Павлодар қаласының №45 сәбилер бақшасында «Балалардың сөйлеу дамуының диагностикасы» қалалық семинары өтті. Бұл семинардың мақсаты педагогтардың мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін диагностикалаудың заманауи әдістерімен таныстыру болды. Балалардың сөйлеу дамуын диагностикалау мәселелерін шешуге арналған ойындар мен үлестірме материалдар, әртүрлі оқу құралдары ұсынылды. Семинар соңында педагогтар атқарылған жұмыстардан алған әсерлерімен бөлісіп, семинар қызықты, мазмұнды түрде өтті деген қорытындыға келді.