Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күніне орай балабақша тәрбиеленушілеріне танымдық сабақтар өткізілді. Шара барысында балалар тәуелсіздік алған уақыттан бергі елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістермен танысып, бейнесюжеттер арқылы дамып келе жатқан Қазақстанды байқай алды. Отан тақырыбында мақал-мәтелдер айтты.