
Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмысының негізгі мақсаты - сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасау. Дәл осы маусымда балалар құрбыларымен араласудан көңілі көтеріліп, үлкен қуаныш пен әсерге бөленіп, өзіне қажетті жаңалықтарды ашады.
Балаларды сауықтыру жүйесі мыналарды қамтиды:
- балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары (спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар, шынығу, массаж кілемімен жүру);
- пайдалы тамақтану рационы (жемістер мен көкөністер және т. б.);
- бала ағзасын шынықтыру (күн сәулесі, шөпте жалаң аяқ жүру және т. б.);
- мерекелік шаралар;
Күтілетін нәтижелер:
-балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау, жарқын әсерлермен байыту;
- баланың шынығып, денсаулығының нығаюы және ағзаның суық тию сырқаттарына қарсы тұру қабілеттілігінің артуы;
- баланың қоршаған ортасында эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- балалардың қарым-қатынаста белсенділігін, бастамашылдығын қолдау арқылы өзіне деген сенімділігін нығайту;
- әдептілікке үйрету арқылы эстетикалық мәдениет қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;