Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
"Терезе алдыңдағы бақша" көрме-сайысы
31-03-2016 01:44
Бау-бақшаны отырғызу маусымына орай 2016 жылғы 30 наурызда № 45 сәбилер бақшасында "Терезе алдыңдағы көктемгі бау-бақша" атты көрме-сайысы ұйымдастырылды. Балабақшада аталған көрме-сайысты өткізудің басты мақсаты - балаларды мәдени және сәндік өсімдіктерді өсірудегі тәжірибелік әрекеттерге баулу, гүлдер саласында тәжірибелік және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру. Ересектердің басты мақсаты - балалардың зерттеушілікке, жаңалық ашуға деген қызығушылықтарын қолдап, оған жағдай жасау. Көрме-сайысқа барлық жасаралық топ педагогтары қатысты. Барлық қатысушылар шығармашылық және қияли жақтарын көрсете алды. Мысалы, 2-ші сәбилер "А" тобында , тәрбиешілер: Р.К.Жутаева, Федорова И.Н. көрме өте әсем безендірілген. Баялы, бұрыш, пияз, бұршақ, аскөк бар. Бұл топтығы жұмыстарының ерекшелігі ретінде барлық жұмыстардың қолдан жасалғаның, ыдыстардың әсем безендірілгенің атап өткен жөн. 2-ші сәбилер "Б" тобында, тәрбиешілер: Г.А.Артықбаева, А.Б.Алегожина ұқыптылықты атап өтуге болады. Бұл топта барлық отырғызылған көкөністер суреттемен белгіленген. Бақша әсем қоршаулармен бекітілген. Содай-ақ көкөніс түрлерінің көп мөлшерде екенін байқаған болатынбыз. Ересек "А" тобы, тәрбиешілер: Г.И. Арынова, Г.Қ.Камалиева. Бақша әсем қоршаулермен безендірілген. Терезе күннің көзі, бұлттармен безендірілген. Бұл топта келесі көкөністер отырғызылған: бұрыш, баялы, пияз. Барлық ұсынылған материал жазулығ яғни суреттермен белгіленген. Ересек "Б" тобы, тәрбешілер: А.С.Масалмова, С.Ф.Мұхаметжанова. Бұл топта барлық тақырыптық безенірулер бір бағытта алынған. Олар жайлау. Даярлық "А"тобы, тәрбиешілер: Коноваленко Е.В., Стогова М.А. бұл топты шығармашылық жағынан атап өткен жөн, себебі барлық қолдан жасалған өнімдер пиязбен безенірілген.