Жеңіс күні!
Балабақшамызда Жеңіс күні мерекесі қарсанында, қонақтарды жыл сайын дәмді солдат ботқасымен, хош иісті шәймен қарсы алу дәстүрге айналды. Осы жолы да балабақша ұжымы барлық қонақтарды Жеңіс күнін атап өтуге шақырды. Ата-аналар жеңіс әндерін, өлеңдерін ортаға паш етті. Мереке соңында балалар мен ата-аналар бейбітшілікті тілей отыра, аспанға әуе шарларын жіберді.