Балабақшамен қоштасу!

2017 жылдың 26 мамырында балабақша түлектері өздерінің сүйікті бақшаларымен қоштасты. Балабақша - балалар үшін ұмытылмас, жүрек төрінде сақталатын орын. Осы күні бақшамыз 29 түлекті үлкен өмір жолына шығарып салды. Ата-аналар өз тараптарынан балабақша ұжымына деген алғыстарын білдірді. Мереке өте көңілді, әрі жүрекке жетерліктей деңгейде өтті.