Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
«Жазғы бояулар фестивалі»
28-06-2017 05:55
«Жазғы бояулар фестивалі»

«Жазғы бояулар фестивалі»

2017 жылдың 28 маусымында Павлодар қаласының № 45 сәбилер бақшасы аумағында жазғы бояулар фестивалі өтті.
Іс – шараға 100-ден астам балалар мен ата – аналар қатысты.
Іс – шара мақсаты: балалардың эмоционалды ортасын дамыту, бояулар туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылығын, тәжірибеде жаңашылдықты тануға деген құлшынысын тәрбиелеу.
Таңғы уақыта балабақшада көтеріңкі көңіл – күй ,барлық қатысушылар ашық түсті костюмдерде болды. Аквагрим шеберлеуі балалар мен ересектердің беттеріне шағын өнерлерін салды.
Үш тілде танымдық, сәлемдесу ойындары жүргізілді.
Сценарий желісі бойынша балалар тапсымаларды орындап, (сумен эксперимент, жазғы пейзажды дәстүрден тыс әдіс арқылы салу, құм анимациясы, мерекелік құмды тортты жасау) суретшіге жоғалған бояуларды табуға көмектесті.
Мереке көңілді өтті, балалар мен ата – аналар жағымды эмоциялар мен табиғи материалмен тәжерибе жасауда жаңа білімдер алды.
Мереке түрлі – түсті түтіннің сиқыры мен балаларға арналған тәтті сыйлықтармен аяқталды.