
"№ 45 сәбилер бақшасы" МҚКК дәнді-дақылдарды жинау.
Міне, көңілді, әрі жылы мезгіл де аяқталды! Дәстүрлі әдіспен балабақшамызда "Дәнді-дақылдарды жинап қысқа қамданайық!" мерекесі өтіп, балалар бұл мерекеде күз жайлы тақпақтарын, ән айтып, ойындар ойнады.
Мереке аяқталысымен балалар тәрбиешімен берге бақшаға барып, дәнді-дақылдарды жинады. Себебі жаз бойы осы бақшаға күтім жасаған да біздің тәрбиеленушілер. Балалар себетке бұрыш, сәбіз, баялы, қызанақ, қызылша жинады. Ересек топтың балалары жүгері жинауға көмектесті. Тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары тамаша әсер алды.
Балабақшаның бақшасы - өз еңбегіңнің нәтижесі. Біріккен еңбек жауапкершілік қасиеттерін, еңбек икемдерін меңгеруге жағдай жасайды. Сондай-ақ табиғат аясындағы еңбек баланың денсаулығына оңтайлы септігін тигізетіні сөзсіз!