Міне, қыс мезгілінің, алғашқы қардың түсуін де байқамай қалыппыз, ал қыс мезгілі ең ғажайып, әрі сиқырлы мереке - Жаңа жылдың жақындауын білдіреді емес пе!?2017 жылғы 19 желтоқсанынан 25 желтоқсаны аралығында Павлодар қаласының «№ 45 сәбилер бақшасында» «Шыршалық дефиле» атты ерекше сайыс өткізілді. Ата-аналар балалармен бірге өз қолдарынан шырша жасады. Сайысқа 50-ден астам отбасы қатысты. Ата-аналардың шығармашылықтарына сүйсіне қарайсың. Шыршалар кәмпиттерден, макарон, мақта, қағаз және т.б. заттардан жасалды.
Осындай бірлескен жұмыстар ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты орнатуға, балалардың жаңарларында шығармашылыққа деген құлшынысты оятуға жағдай жасайды. Сайыс жеңімпаздары ертеңгіліктерде диплом және қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталады
Шыршалар дефилесі