Сенім телефоны
8(7182)650357
Мекенжайы: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 7
8(7182)650357- басшы 8(7182)622738-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
Ашық сабақтар
28-02-2018 15:36
Ашық сабақтар

2. ПМПУ «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының түлектерінің өндірістік педагогикалық тәжірибесі аяқталуға шақ қалды. №45 сәбилер балабақшасында ашық сабақтар өту арқылы түлектер өз шеберліктерін көрсетті. Барлық қыздар сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. «Болашақ тәрбиешілердің» қиял мен ой ұшқырлығында шек болмады. Практиканттардың өткен барлық сабақтары дәстүрден тыс: әр елге саяхаттау арқылы, квест-ойындары арқылы және т.б. түрліше бағытта өтті. «Болашақ тәрбиешілер» білімі мен тапқырлығы көрсете отырып, барлық даму аймақтарын қамтыды.
Педагогикалық ұжым ПМПУ түлектерін өндірістік педагогикалық практиканың аяқталуымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен ақ жол тілейді!!!