"Қауіпсіздік терезесі"

Жыл сайын балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап, жазатайым оқиғаларға тап болуы жиеленуде. Медициналық статистика көрсеткіші бойынша, терезеден құлап, жарақат алған балалар саны жыл сайын қарныды өсіп келе жатыр.
Осыған орай Павлодар облысында "Қауіпсіздік терезесі" акциясы басталды. Білім бөлімі акцияны қолдап, ата-аналарға терезеге бекіткіштер орнатудың қажет екендігін түсіндіруде.
№ 45 сәбилер бақшасының ұжымы да бұл аталмыш акцияны қолдауда. Балабақша дәлізінде аталған шараға байланысты бұрыш рәсімделіп, топтарда "Қауіпсіздік терезесі" тақырыбында кеңес бұрышы жасалды. Ата-аналармен түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.