Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Адрес: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Рухани жаңғыру»
23-10-2020 17:37
«Рухани жаңғыру»

Сұлтанбет сұлтан 1710 жылы - 1790 жыл - би, Әбілмамбет ханның жарлығымен қыпшақ ұлысының басшысы болды. Абылай ханды Жоңғар шапқыншылығынан құтқаруға, сонымен қатар Жоңғарларға қарсы әскери күрестерге белсенді қатысты. Бос қалған Іле өзені үшін Қытай - Қазақ арасындағы аумақтық келіспеушілік шешуде ол өзін мәмілегер ретінде танытты. Абылай ханның өлімінен кейін Сұлтанбет сұлтанға хан тағы ұсынылды, бірақ ол Уәлиге жол берген. Сонымен қатар археологиялық жұмыстар арқасында Сұлтанбет сұлтанның сарайы Павлодар облысында болғаның анықталды. Облыс орталығында Елбасының «Туған жер» бағдарламасының аясында XVIII ғасырда өмір сүрген саяси қайраткер, баһадүр батыр Сұлтанбет Сұлтан тұрған қыстақтың көшірме ғимараты бой көтерді. Сұлтанның мемориалды-мұражай кешені Әлкей Марғұлан атындағы аймақтық ғылыми-археологиялық орталықтың жаныннан салынған.
Кеше , яғни 22 қазан күні,Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша, мектеп оқушыларымыз бен ұстаздар қауымы, Сұлтанбет сұлтанның мемориалды-мұражай кешеніне, ZOOM платформасы арқылы онлайн экскурсия жасады. Павлодар педагогилық университетінің Margulan centre «Рухани жаңғыру» зертханасының меңгерушісі, Абеуова Еңлік Қабыкенқызы Сұлтанбет сұлтанның өмірмен оның Қазақ хандығындағы рөлі ,атқарған қызметі туралы деректер айтты. Оқушылар зейін қойып , қызықтап тыңдады.
#РуханиЖаңғыру
#1жалпыортабілімберумектебі
#1СОШ
#1school_pavlodar