18 наурызда 4 "Б" сынып оқушыларымен келе жатқан Наурыз мейрамына арналған "Ғажайып алаңы" сайысы өтті. Сайыста қазақ тілі мұғалімі Елемесова Айгүл Нығметқызы мен кітапханашы Падалко Марина Васильевна Наурыз туралы әңгімелеп берді. Ал оқушылар Наурыз туралы өздерінің дайындап келген өлеңдерін, мақал-мәтелдерін жатқа айтты. 1 "А" сынып оқушылары "Дүниеде не күшті?" деген ертегісінен қойылым көрсетті. Ал "Ғажаыйп алаңы" ойыны басталды. Ойында интерактивті тақта пайдаланды. Қатысушылар қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп шықты. Финалға Сайранова Сабина, Кабишева Полина, Жастлек Берік өтті. Супер ойында Жастлек Берік жеңімпаз атанды. Ойында қатысушылар мен қөрермендер тәтті сыйлықтарымен марапатталды. Оқушылардың көңілдері көтеріліп, ризашылықтарын білдірді