1 қыркүйек - Білім күні.
Бүгін біздің мектебімізде қоңыраудың сыңғырлаған үнімен алғашқы қоңырау – Білім күні мерекесі аталып өтті. Биылғы оқу жылының басталуы еліміздің Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдық мерей тойымен және еліміздің Ата Заңы күнімен ұштасады. Мектеп директоры Иманбекова Ғалия Майданқызы оқушыларды, ата-аналарды мерекемен құттықтап мектебіміздің жетістіктерін атап, алға қойған мақсаттарды айқындады.