Жеңіс күніне құттықтау
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Бұл соғыстан қазақтар
Ерекше ер боп келген күн.
Тарихқа талай ғажаптар
Аңыз болып енген күн.
Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілейміз.Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!