«Тіл – халық байлығы»
22 қыркүйекте тілдер апталығының іс-шара жоспарына сай 3-4 сынып оқушылар арасында «Тіл – халық байлығы» атты сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар қазақ тілінде қаншалықты мақал-мәтелдер білетінін көрсетіп, мәнерлеп өлеңдер оқып, дөңгелек үстел басында ойларымен бөлісті. Кезеңдердің арасында оқушылар қазақ әндерін орындап, би биледі. Қазақ халқының күмбірлеген күйлері шарықтады.
Ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері: Әсемгүл Маратқызы Омарова,Нағима Айтышқызы Жұмағұлова.