Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мемлекеттік тілді білу байқауы
12-10-2015 07:51
Мемлекеттік тілді білу байқауы
Республикалық «МЫҢ БАЛА» мәдени-ағартушылық жобасы аясында жоспарланған өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тілді білу байқауы мектебім3зден бастау алды. Төрт кезеңнен тұратын, мемлекеттік тіл жанашырларын анықтайтын бұл сайысқа аталған мектеп оқушыларының тыңғылықты дайындалғаны, қазақ тілінің терең иірімдері мен қыр-сырын еркін меңгеруге деген құлшынысы анық байқалды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы сияқты айтулы оқиғаларды қамтыған викториналық сұрақтар оқушылардың терең білімі мен танымын байқатты. Сайысқа Қазақстан халқы ассамблеясы Павлодар облысы Мұсылман әйелдері лигасының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы, лига мүшелері Хамзина Мая Қадырқызы, Нұрғалиева Нұршат Әбдіқайымқызы, Қазақстан халқы ассамблеясы Жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Паули Элина Сергейқызы қазылық етті. Алғырлығы мен ой зеректігі, тілге жүйріктігі мен ынта-жігері ерекше көзге түскен 11 сынып оқушысы Ликарь Екатерина Александровна сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды. Прохоренко Игорь, Загорулько Екатерина, Никулина Юлия, Шабанова Ангелина сияқты оқушылар да жеңіс тұғырына лайық болды. Сонымен қатар "Сарыарқа" және "Туған жер" әндерін келістіре шырқаған 9 сынып оқушылары Паламарчук Дарья мен Руль Елизаветаға қазылар алқасы ризашылық білдірді. Әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеуді мақсат тұтқан бұл маңызды іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі үлес қосып жүрген Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық лигасының белді мүшелерімен көзбе-көз жүздесу мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне ерекше әсер қалдырды. Мемлекеттік тілді білудің маңызы мен қажеттілігін тағы бір рет айқындаған бұл әсерлі сайыстың жас ұрпаққа берері мол екені сөзсіз. 20151012_110653 20151012_104016 20151012_104647 20151012_104351 20151012_115340