Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шығармашылық кеші
01-02-2018 15:19
Шығармашылық кеші

2018 жылдың қаңтар айында қала оқу орындарының тәрбиенушілері , №1 ЖОББМ-мектебінің 6ә сынып оқушыларына кітапхана меңгерушісі Гүлнәр Хамитовна Раембекова П.Васильев атындағы Орталық кітапханасының өнер жөніндегі әдебиет секторымен бірігіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атақты әнші,ақын-композитор,махаббат әнұранының шығарушысы,атақты жерлесіміз Естай Беркімбаевтың 150-жылдығына арналған «Арқада ән тербеген Естай ақын ақын» атты әдеби-сазды кешін өткізді Кештің құрметті қонақтары Бұқар жырау мұражайының әдіскері Жанаргүл Қанатбекқызы Тоқтағанова ,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,жеті кітаптардың ,соның ішінде «Қосылмаған қос ғашық (Естай мен Қорлан жайынан бір үзік сыр) кітабының авторы – Жұмат Айтқожаұлы Төлебаев,өңірімізге танымал ақын,аудармашы ж/е балалар әдебиетшісі ретінде танымал қаламгер,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Серік Қинаятұлы Сатыбалдин,Павлодар облысының құрметті азаматтарының бірі Құдайберген Бөкенұлы Пшембаев болды, сонымен қатар И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әншілері:Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев,Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсел Ботаева және Жанболат Байсұлтан Естайдың «Құсни Қорлан», «Бір мысқал», «Сандуғаш», «Қорлан әндерін орындап қызықты кешті ерекше әсерге бөледі.
     Кештің өту барысында №1 ЖББОМ-інің кітапханашысы Гүлнәр Хамитқызы бұл іс-шараға арнайы дайындалған «Өмірі мен ән» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді.
Жұмат Төлебаев аға мектеп кітапханасына өзінің «Қосылмаған қос ғашық (Естай мен Қорлан жайынан бір үзік сыр) кітабын сыйға тартты.