Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп кітапханашысы өткізген іс-шара
13-04-2018 02:02
 Мектеп кітапханашысы өткізген іс-шара

2018 жылдың 12 сәуірі күні №1 ЖББОМектебінің мәжіліс залында 2-3-5 сынып оқушылары арасында, Халықаралық кітап күніне арналған «Кітап білім-бұлағы» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараның құрметті қонағы ретінде аудармашы,Лебяжье ауданының құрметті азаматы , Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі ,Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық басқармасының мүшесі , 3 кітаптың авторы - Серік Қинаятович Сатыбалдин қатысты.
Іс-шараның басында кітапхана меңгерушісі Г.Х. Раембекова кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып берді. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем әнмен тәтті күй» демекші кезек әнге де берілді. 5Ә сынып оқушысы Жанел Исабекова «Тек алға» әнін орындап қатысушыларға жақсы әсер сыйлады .
Сағат барысында, оқушылар өздерінің кітап, білім туралы өлеңдерін оқып, білетін мақал-мәтелдерін айтып ,берілген сұрақтарға жауап беріп, өздерінің кітапқа деген сүіспеншіліктерін білдіріп ,қызығушылықтарын көрсете білді. Қадірлі қонақ Серік аға кітаптың өз өміріндегі ролі туралы ,жалпы еліміздің болашағының жарқын болуы үшін кітаптың маңызы зор екеніне тоқталып тартымды да тәрбиелік мәні бар көп мәліметтер жеткізді.Сонымен қатар балаларға арналған шығармаларынан қызықты үзінділер оқып берді.
Соңында кітапхана меңгерушісі Г.Х.Раембекова үздік оқырмандарды,сағатқа белсенді қатысқандарды мадақтау қағаздарымен марапаттады.