"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі бастау
Бүгін Сара Алпысқызының тұған күніне орай "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі бастау алды. Онкүндіктің ашылуы мектептің акт залында өте қызықты өтті. Сара Алпысқызының өмірбаяны көрсетілді, Алибекова Аиданың орындауында "Ақ анам" әні шырқалды, балалар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді. "Достық" туралы ән орындалды.