Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тележүргізуші Марина Сахаровамен кездесу
18-04-2019 10:13
Тележүргізуші Марина Сахаровамен кездесу

   2019 жылғы  сәуірдің  17 – күні  №1 ЖОББМ  қабырғасының  мәжіліс  залында  , мектептің   кітапхана  меңгерушісі  Г.Х. Касимованың   ұйымдастыруымен , тәлімді  адамдармен  кездесіп , тәрбиесін  танытар  « Ел бірлігі – ең асыл қасиет»  сыр – сұхбат кеші өтті.

 Мақсаты:  Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету . Мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру .Ұлттар достығын паш ету.

       Кештің  қонағы  қазақ тілінде еркін сөйлеу мәнерімен Ертіс елінің  көңілінен орын алған, болашағын қазақ тілімен байланыстырған орыс қызы,   Ертіс телеарнасында мемлекеттік тілде тележүргізуші – Марина Сахарова болды.

       Мектеп директоры  А. Ж. Сыздыков қонақты   жылы лебізімен қарсы алып, мектебіміз толығымен мемлекеттік тілге көшу барысында бұндай іс-шараларды өткізудуң  тәрбиелік  маңыздылығы  жайлы  атап өтті.

       Шара барысында, мектебіміздің қазақ  сыныбында оқитын  басқа ұлтты балалар тәжік қызы Нилуфар Ганиева , Гилазов Ильфат (6Ә сыныбы),

неміс ұлтты Фабер Ратмир (3А сыныбы) өздерін туған тілінде таныстырып қазақ елінде бақытты өмір сүруге, қазақ тілін меңгеруге барлық барлық  жағдай жасалғандығына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар сыныптас дос-құрбылары басқа ұлтты достарын жағымды жағынан сипаттап, достықтарының жарастығы мығымдылығын ашып берді.

       Балалар  Маринамен  сұхбат  барысында  өздерін  қызықтырған  көптеген  сұрақтарға  жауап  алып , жақсы әсерге иеленді. Өздерінің  алдында  мүдірмей таза  қазақша  сөйлеп отырған  апайларына  сүйсінгендері соншалықты  сезілініп тұрды.

        Мектеп  ән- би үйірмесінің  дайындауымен  шырқалған  ән , биленген   би  кешті  шырайландырып  отырды.

        Сонымен  қатар, қазақ  халқына деген  ризашылығын , сүйіспеншілігін     Марина,  С. Торайғыровтың  « Мен қазақпын»  өлеңін  оқу  барысында  жанды  тебірентіп, әр жүрекке  жеткізе  алды...

      Кеш соңында,  мектеп директоры А. Ж. Сыздыков, бүгінгі кеште, әр қатысушы өздеріне пайдалы дүниені ойларына түюге  мүмкіндік  алғанын айтып, қонақтарға , жалпы қатысушыларға алғыс білдірді.