Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақын мұрасы» әдеби оқулары
14-12-2019 08:21
«Ақын мұрасы» әдеби оқулары

№1 мектеп  кітапхана  қызметінің  басты мақсаты - оқырмандарды,жас ұрпақты  қазақ ұлттық  өнерімен, әдебиетімен, поэзиясымен терең таныстыру, музыка, бейне, сәулет, театр, кино, қол өнері жанрлар туралы кең білім беру және рухани байлыққа, мәдениеттілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу, жерлес әдебиет, өнер қайраткерлерінің шығармашылығын дәріптеу жұмысын жүргізу.

Сол мақсатты жүзеге асыру үшін №1мектеп кітапханасы кітапханалық  жұмыстың  әртүрлі әдісін қолданады...

Сол әдістердің бірі, бағдарды кеңейту мақсатымен, қаланың басқа кітапханаларымен бірігіп  жасалатын іс-шаралар.

2019 жылдың 28-қарашасы күні Мүбәрәк Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп  ұйымдастырылған «Ақын мұрасы» әдеби оқулары өтті. Бұл шараға №1Жалпы Орта мектебінің 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:Ақын М.Жаманбалинов шығармашылығын танымалды ету.

Шара қонақтары- танымал павлодарлық ақын, журналист,цветаевед Ольга Николаевна Григорьева және Павел Васильев атындағы мұража – үйінің  сақтау жөніндегі басшысы Татьяна Сергеевна Корешкова болды.

Шара барысында М.Жаманбалиновтың сөзіне жазылған «Ертісім менің – Ертісім», «Әйгілі аудан-Ертісім» әндері шырқалды.

Ең жақсы өлең оқыған 4 «Б» сынып оқушылары: Аскарбек Олжас, Ермұратова Даианаға ең жақсы өлең оқыған балалар ретінде, 4 «А» оқушысы Шідербай Аңсар «белсенді қатысқан оқушы» деген номинантқа О.Н.Григорьева өзінің «Кружечка с секретом» деп аталатын бояу кітапшасын сыйға тартты.