Ақыры жетті күн бүгін, Ақырып теңдік сұраған. Түнектің түріп түндігін, Ат міндің сұлу құладан. Парызың бүгін өтелген, Әр ізің жатыр жаңғырып. Азаттық туын көтерген, Ақынның жыры мәңгілік! – демекші мектебімізде Махамбет оқулары өтті. Сайыстың басты міндеті –Махамбеттің шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Махамбет Өтемісұлының жырлары ұрпақтарға ұлттық сана –сезім мен отаншылдықты, атадан балаға жалғасатын елдік пен дәстүрін биік адамгершілікті ұқтыратын шығармалар. Махамбет шығармалары тарихи шындықтың көркем бейнесі.
