Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Астана – арман қала»
11-07-2016 08:48
«Астана – арман қала»
VLUU L110, M110  / Samsung L110, M110 VLUU L110, M110  / Samsung L110, M110 Жетекші мектебінің екінші ауысымдағы лагерінде Астана қаласының туған күніне орай әр түрлі іс - шаралар ұйымдастырылды. Спорттық эстафеталар, суреттер көрмесі, флешмоб және мерекелік концерт өткізілді. «Астана –арман қала» атты мерекелік концертте лагерь жетекшісі Ляззат Калкенқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, балаларға Астана қаласы туралы айтып өтті. Мерекеде Тамана «Астана», Дильназ бен Тамирис «Туған жер» әндерін орындады. Қыздар «Мереке» биін және флешмоб биледі. Ұлдар өздері дайындаған билерін биледі. Ағылшынша тақпақтар айтылды және жұмбақтар шешілді. Концерт соңында барлығы бірге «Қара жорға» биін билеп, мерекемізді аяқтадық. Тамерлан, Тамирис, Ақбота, Диана «Қара жорға» биін өте жақсы нақышына келтіре билеп көзге түсті. Мерекелік концерт өте көңілді, қызықты өтті. Барлық балалар белсене қатысып, өз өнерлерімен көпшілікті таңқалдырды. Балаларға Астана қаласы туралы деректі фильм көрсету ұйымдастырылды. Фильмде Астана қаласының тарихы және көрікті жерлері көрсетілді. Өткізілген іс - шаралардан балалар өздеріне қызықты мәліметтер алды және елін, жерін сүйуге құлшыныстары артты деп ойлаймын. Көшелері құлпырған сала-сала Алаңдары кең құшақ сайран дала. Көргендері арлы арудан айнымайтын Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп Астанамыз құлпыра берсін, жайнай берсін. «Күншуақ» лагерінің тәрбиешісі: Орынгазиева Гулназ Орынгазықызы.