«Балалар күніне арналған саяхат» Маусымның 2 –ші жұлдызы күні « БАЛАЛАР - ЖАСӨСПІРІМДЕР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ» орталығының арнайы шақырылуымен өткізілген іс – шараға барып қайттық. Арнайы іс – шараға 35 оқушы мен тәрбиешілер көтеріңкі көңіл – күймен шараның көркін одан ары безендіре түсті. Орталықта арнайы жолнұсқаушының көмегімен түрлі жарыстар мен сайыстар ұйымдастырып, өткелдерден өтіп оқушылардың қызығушылығын арттырды. Орталықтың музейі мен танысып қызықты деректер алып, Оранжерея – өсімдіктер өсіру мен оларды күтіп-баптау үшін арнайы жасалған әйнектелген ғимаратымен таныстық. Орталықтан оқушылар мәз – мейрам болып өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп қайтты. Жетекші ЖОББМ , Ханат Хундыз, Бастауыш сынып мұғалімі