Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
математика-информатика апталығы
04-05-2016 06:44
математика-информатика апталығы
IMG-20160420-WA0005 20160425_120557 20160425_121109 20160421_143501 Мектебімізде 18 сәуірден 30 сәуір аралығында математика-информатика апталығы өтті.Апталық математика және информатика мұғалімдерінің ашық сабақтарымен ашылды.Сонымен қатар сыныптан тыс әр түрлі шаралар өтті. 26 сәуірде математика пәні мұғалімі Орынғазиева Ж.О - 3-4а сыныптар арасында «Тапқырлар додасы» сайысы өткізді.Сайыс қызықты тапсырмаларға толы және тартысқа толы болды.3а сыныбының «Үшбұрыштар» тобы жеңіске жетіп марапатталды. Сол күні математика пәні мұғалімі Батурваева Е.В 7Б сыныбында (КВН) тапқырлар сайысын өткізді.Сайыстың әр кезеңі қызықты,таласты өтті.Оқушылар берілген үй тапсырмасына шығармашылық түрде жақсы дайндалғанын көрсетті. «Ромб» тобы жеңіске жетіп марапатталды. 27 сәуір күні информатика пәні мұғалімі Кулимбаева Н.Б «Информатика әлемінде» 5-6 сынып оқушылар арасында сайыс өтілді.Оқушылар бар қызығушылығымен сайысқа қатысып 6 сынып оқушылар командасы 1- орынға ие болды.барлық оқушылар мақтау қағазбен,тәтті сыйлықтармен марапатталды. 27 сәуір күні үзілісі кезінде Орынғазиева Ж.О оқушылармен «Қызықты викторина» өткізді.Викториналық сұрақтар шешіп,белсене қатысқан оқушылар сыйлықпен марапатталды. 29 сәуір күні математика пәні мұғалімі Жакупова Қ.С 8-9А сыныптары арасында тапқырлар сайысын өткізді.8а сынып оқушылары ойынға белсенділікпен қатысып,әртүрлі жүлделер мен грамоталарға ие болды. 29 сәуірде Орынғазиева Ж.О 5-7а сыныптар арасында «Жарық жұлдыз» сайысын өткізді.Екі топ оқушылары жарық жұлдыз болуға ұмтылды.Жеңімпаз «Декарт» тобы мақтау қағазбен,тәтті сыйлықтармен марапатталды. Апталық кезінде оқушылар белсене қатысып математика-информатика пәніне деген сүйіспеншіліктерінің жоғарғы екенін көрсетті.