Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем»
23-10-2015 06:01
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем»
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілген. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізігі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Жетекші мектебінде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени –ағартушылық жобасы аясында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем» атты өзге ұлт балаларының арасында тілді білу байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мереке басталмас бұрын «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сахналық көріністі 7-8 сынып оқушылары Жанахметова Д., Сапаралина Г., Қалапберген А., Темірғалы М., Бейсекенова Ә, Ермек А., Ермұхан А орындауында сәтті шықты. Мереке Павлодар қаласының мұсылман әйелдер қоғамының мүшелері қатысуымен жүзеге асты. Мерекеге келген Қайша, Құралай, Шолпан, Гүлнар апайларымыз да құр алақан келмей, өз өнерлерін де тарту етті. Сайыс төрт бөлім аясында өтті. Мектебіміздің оқушылары сайыс кезінде белсенділік танытып, алғыс хатпен марапатталды. 8 сынып оқушысы Дарбинян Давид топтан озып, облыстық байқауға жолдама алды. Сайысқа қатысушыларды қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Құнанбаева Т.Қ., Утегенова З.Қ., Пшембаева Р.Н дайындап, алғыс хатпен марапатталды. Жетекші мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Ибраева Г.С. 20151022_10365620151022_114506