Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Абайдың мұрасы» аттыАбай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мектепішілік ғылыми практикалық конференция өтті
20-02-2020 09:42
«Абайдың мұрасы» аттыАбай Құнанбаевтың 175  жылдығына арналған мектепішілік ғылыми практикалық конференция өтті

        «Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді»,- деп тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы біз үшін мәңгілік.

        Президент мақаласында қазақтың рухани және мәдени әлемін әлемге Абай арқылы таныту туралы өзекті мәселе көтерілген. "Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады". Тиісінше, ол арқылы қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін танытуға болады.

        Осы орайда 20.02.2020 мектебіміздің рухани жаңғыру кабинетінде «Абайдың мұрасы» атты Абай Құнанбаевтың 175  жылдығына арналған 9-11 сынып оқушылары арасында (үш тілде)  мектепішілік ғылыми практикалық конференцияөтті.

              Конференцияның мақсаты, Абайдың әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлін талқылау үшін диалог алаңын құрып, тұлғаның өз халқының мәдениетін (өнерін, білімін) дамытуға әсері туралы мәселені қарастыру, тарихи оқиғалар мен фактілерге қызығушылықтарын жандандыру.

             Ғылыми практикалық конференцияны мектебіміздің тарих пәнінің ұлағатты ұстазы Қасымжанова Алия Егинбаева өзінің алғы сөзімен (үш тілде) ашты. Конференцияның барысында оқушылар «Рухани жаңғырудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы және  Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті» атты тақырыптық бағыттарда баяндамаларын (үш тілде) баяндап шықты. Конференция соңында үздік оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Қорыта келе, халқымыздың бойтұмары-Абайдың өнегесін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру-баршамызға парыз. Сондықтан ұлтымызды ұлықтайтын осындай игі бастамаға жұрт болып жұмыла білейік! Ұлы Абай мұрасы мәңгі жасасын дегім келеді.