«Еліміздің негізгі капиталы – сапалы білім»
Өткен сенбіде, Қазақстан Республикасының 20-жылдық Тәуелсіздігі қарсаңында 11 сыныптар арасында «Еліміздің негізгі капиталы – сапалы білім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Дайындалған материалдан басқа оқушылар арасында Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы орны және шетелде білім алу турасында пікірталастар жүрді. Іс-шара соңында тарих пәні оқытушысы А.Б.Орумбаева сөз кезегін оқушыларға берді.